ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТАҒЫ ІШКІ КӨШЕЛЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЛЕСІ 87,7 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТАҒЫ ІШКІ КӨШЕЛЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЛЕСІ 87,7 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Өткен жылы Түлкібас ауданы аумағындағы елді мекендерде атқарылған жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ішкі көшелердің қанағатты жағдайдағы үлесі 82 пайызға жеткен болатын. Биыл аудан аумағында тұрғындар өтініштеріне сәйкес, бірінші кезекте халық көп шоғырланған 27,68 шақырымды құрайтын 51 көше жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аталған көшелердің ішінде көп жылдан бері өзекті мәселе болып келген Майтөбе ауылының 21 және Азаттық ауылының 26 ішкі көшесі бар. Нысандар «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеуден өтпек.
Бұдан бөлек, жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында биыл 12,4 шақырым аяқжол салу жұмыстары басталып, соның ішінде 2,6 шақырымды құрайтын Балықты ауылына қарасты Нұртаев көшесі толық пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Шақпақ баба ауылының орталық көшесіне және Т.Рысқұлов ауылынның Бекбосынов көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандарды шілде айына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...