Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.  

Ресейлік жазушы Сергей Комков Осло қаласынан 2021 жылы 10 қыркүйекте Нобель сыйлығына Владимир Путиннің кандидатурасын ұсынған.

Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жазушының бастамасына түсініктеме берді.

«Бұл сыйлыққа әр түрлі адамдардың ұсынылатынын білесіз ғой. Жазушы ұсыныс тастады. Номинанттарды қараудың белгілі бір рәсімі бар. Егер ұсыныс қабылданса - жақсы, қабылданбаса ол да жақсы»,- деді Песков.       

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...