Алматыда білім беру жүйесін дамытудың жол картасы қабылданды

Алматыда білім беру жүйесін дамытудың жол картасы қабылданды

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды. Жол картасын әкімдік Алматының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында әзірлеген, онда сапалы білім беруді дамытуға ерекше мән берілді.
«Бүгін біз қол қойған жол картасы орта білім беру мәселелерін шешу, педагогтеріміздің біліктілігін арттыру және басқа да маңызды мәселелермен толықтырылғанына қуаныштымын», - деді Ерболат Досаев.
Бұл оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, педагогтардың біліктілігін арттыруға, мектептерді заманауи жабдықтармен жабдықтауға және т.б. бағытталған.
Жол картасы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, олардың құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қамтыды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты...

Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың...

IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік...