Кемел шағын ауданында отбасылық амбулаторияның құрылысы аяқталып келеді

Кемел шағын ауданында отбасылық амбулаторияның құрылысы аяқталып келеді

Ауысымына 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып келеді. Қазіргі уақытта жұмыс 80% бітті. Құрылыс сәуір айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып отыр. Былтыр әкімдік жеке меншіктен Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі 2 ғимаратты сатып алды. Кейін оларда ауысымына 200 және 300 келушіге арналған емханалар ашылады.
«Сонымен қатар, біз Рабочий кентін ұмытқан жоқпыз. Бүгінде 40 мың тұрғынның 34 мыңға жуығы Алмалы ауданының емханаларына тіркелген. Әкімдік Райымбек даңғылының бойындағы ауданы 1,5 мың шаршы метр болатын ғимаратты анықтады. Оны наурыз айының соңына дейін сатып алуға ниеттіміз. Онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар сатып алынғаннан кейін 240 адам қабылдайтын емхана ашылады», - деді қала әкімі.
Аталған емханалардың ашылуы Жетісу ауданының тұрғындарына жақын жерден қызмет көрсетуге және жұмыс істеп тұрған үш емхананың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты...

Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың...

IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік...