ТЖ министрі Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді

ТЖ министрі Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және мүдделі ұйымдардың өкілдері Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды  министрліктің баспасөз қызметі.   

Әуеден барлау жұмыстары барысында Сауран ауданының аумағында, Қаратау беткейінде және Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында бұған дейін су басқан елді мекендерге аэровизуалды шолу жүргізді.

Әуеден барлау жұмыстарынан кейін министр жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.

Сонымен қатар, құтқару бөлімшелері атқарушы органдармен бірлесіп қосымша алдын алу шараларын қабылдауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты...