Түркістан облысы су қоймаларындағы жағдайға байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Түркістан облысы су қоймаларындағы жағдайға байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар облыстық меншіктегі барлық су нысандарында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауға алынды.   

Барлық құзырлы органдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Апаттық жағдайлардың алдын алу шаралары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет салаға жауапты барлық басшылардың басын қосып, мәселені егжей - тегжейлі талқылап, жұмыстар сараланды.

«Отырар ауданы аумағындағы Сырдария өзені бойындағы қорғаныс дамбалары 10 жерінен нығайтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен қатар дайындалған қаптың саны 48 мыңға жеткізіліп, инертті материалдардың қоры арттырылуда (1000 мың тн. болған). Дайындыққа келтірілген мотопомпалар саны 144 дана. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тарапынан жалпы 2 мыңнан астам жеке құрам, 424 бірлік техника, 5 қайық дайындалған», - деп жазылған Түркістан облыстық ТЖД хабарламасында.

Өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайға қарсы дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Су арналары тазартылып, таулы аймақтарда апаттың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты...