Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жүрген 39 жастағы азамат Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі мәлім етті.  

«Қанат Қоржыбаев Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді. Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты...