«Жағдай өте ауыр»: Тоқаев жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырды

«Жағдай өте ауыр»: Тоқаев жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Өңір басшылығы Президентке жылу құбырын қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

– Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет, – деді Президент.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...