ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: КӨШЕЛЕР МЕН БАЛАЛАР АЛАҢШАЛАРЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: КӨШЕЛЕР МЕН БАЛАЛАР АЛАҢШАЛАРЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер кезең-кезеңмен шешімін тауып келеді. Мысалы, Еңбекші ауданының тұрғындары бірнеше елдімекендегі көшелерді жарықтандыруды сұраған болатын.
Қала әкімінің тапсырмасымен тиісті басқармалар мен аудан әкімдігі тарапынан жұмыстар атқарылып, тұрғындардың талап-тілегі орындалды. Атап айтқанда, Мұнайбарлаушылар көшесін жарықтандыру 2022 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, жалпы ұзындығы 2000 метр көше және балалар ойын алаңшасы жарықтандырылды.
Бұған қоса Маятас тұрғын алабындағы Көзді ата көшесінде 300 метр жолдың бойына, ал Жарлыкөл көшесінде 2 шақырымға жуық жолдың бойына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесін жарықтандыру жұмыс жоспарына енгізіліп, құрылыс жұмыстары өтпелі кезеңмен 2023 жылдың наурыз айына дейін атқарылады
деп жоспарлануда.
Еске салар болсақ, Еңбекші ауданында 27 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде 3 өндірістік аймақта (Оңтүстік ИА Ордабасы ИА, Оңтүстік АЭА) 123 жоба іске қосылған. Бұл жылы аймақтарда 713 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге аспақ.
Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңадан «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылуда. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүруде.
«Оңтүстік» индустриалды аймағы – республикада алғашқылардың бірі болып ашылған аймақ. 2010 жылы бұрынғы фосфор зауытының аумағын тазартып, оған көлік және инжинерлік инфрақұрылым желілерін тартуға бюджеттен 6 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалған. Сөйтіп, 337 гектар аумақ жаңа өндіріс орындарын ашуға әзірленді. Мұндай индустриалды аймақтың артықшылығы кәсіпорын ашуды жоспарлаған инвестор тек жер телімін ғана тегін алып қоймайды, сонымен қатар ол өз кәсіпорнына электр қуаты, газ, су, жол мен темір жол тұйығын жеткізу мәселесіне де бас қатырмайды. Осындай инфрақұрылымының барлығы әзірленген жер телімін алып, сол жерге өз зауытын сала береді.
Шымкент қаласындағы «Ордабасы» индустриялық аймағы (бұдан әрі – «Ордабасы» ИА) 2011 жылдың бірінші тоқсанынан бастап жұмыс істей бастады.
«Ордабасы» бұрынғы Шина зауытының аумағында орналасқан және 143 гектар аумақты алып жатыр.
«Ордабасының» құрылуына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бастамашы болды.
Басқарушы компания – «Ордабасы» индустриялық аймағы ЖШС.
«Ордабасы» индустриялық аймағын құрудың негізгі мақсаты::
Жоғары технологиялық, импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған өндірістер құру.
Шымкент қаласының өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көмек және жәрдемдесу.
Экономиканың басым секторларына тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету.
Бүгінде «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында келесі өндіріс орындары жұмыс істейді:
металл илегі, металл конструкциялары, машина жасау бұйымдарын, алдыңғы шыны, пластикалық құбырлар, фитингтер, сабын, құрылысшы.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан тағы бір аяқ киім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылмақ. Ол үшін өндірістік аймақтан 1 гектар жер берілетін болып шешілді. Қала әкімі жобамен танысып, инфрақұрылым мен экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...