Бүгін Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өтті. Абай ауданы бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, Шымкент-Ташкент тас жолының бойына 2,2 шақырымға биіктігі 150-170 см құрайтын 2 мыңнан аса терек көшеттері егілді.
Айтып өтейік, қазан айында Жаңа әуежай терминалына барар жолдың бойына 353 арша ағашы мен 82 қырым қарағайы және Нұршуақ шағын ауданындағы Әл-Фараби көшесіне 200 қарағай көшеттері егілген болатын.
Қазіргі уақытта тал егу жұмыстарымен қатар, көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларының айналасы да қоқыстардан тазартылды. Бұл жұмыстарға "Build Stroi" ЖШС 7 жүк тиегіш (погрузчик) техникасы мен 12 жүк көлігін жұмылдырды.
Абай ауданында 258 аула мен 453 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Аталған үйлердің тұрғындарына арналып 112 қоқыс алаңшасымен 485 қоқыс контейнерлері бар.
Осы ретте, қала тұрғындарынан тазалықты бірге сақтауды өтінеміз.
Еске салар болсақ, Шымкентте күзгі маусымдық ағаш егу жұмыстары жалғасуда. Дайындық 5 қарашадан басталған, қазіргі күнге дейін "Шымсая" шатқалына 500-ден аса терек отырғызылды. Жоспарға сай бұл аумаққа 8378 ағаш көшеті егілмек. Оның ішінде жиде, глядичия, жабайы өрік және айлант көшеттері бар.
Мұндағы отырғызылған ағаштар үшін барлық аумақты сумен қамтамасыз ететін 4 ұңғыма бар.Қосалқы жағдайда су тасымалдаушы арнайы техникалар да қарастырылған.
Бұл жұмысқа Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы "Жасыл белдеу" КММ-нің қызметкерлерімен қоса, 20 маман мен 3 тракторды жұмылдырып отыр.
Еске салсақ, шаһар басшысының қала аумағындағы жасыл желек көлемін ұлғайту тапсырмасына орай, көшелерге, аулалар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, Орталық, Абай, Тәуелсіздік саябақтарына және Чернобыль құрбандарын еске алу мен А.Асқаров атындағы дендрологиялық паркіне жалпы саны 250-дей туя, арша, жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылуда.
Алдағы уақытта қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттері егілетін болады.
Айта кететін, Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты гүлзардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.
Гүлзардың аумағы 1,600 га қамтиды. Мұнда амфитеатрмен қоса, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.
Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі қарастырылды.
Құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр.
Аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталып, белгіленген мерзімінен бұрын пайдалануға берілуде.
Ресми ашылу салтанатынан соң қала әкімі тұрғындармен бірге гүлзарға ағаш екті.
АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША 3 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

