АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ БЕТОН БАҒАНАЛАР АЛЫНДЫ

АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ БЕТОН БАҒАНАЛАР АЛЫНДЫ

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты "Абай" саябағының аумағындағы жүріп өтуге кедергі келтіріп, саябақтың өңін кетіріп тұрған бетон бағаналар алынды.
Сонымен қатар 20 жұмысшы 4 техника жұмылдырылып, қураған ағаш бұталарын тазалау, қоқыстарды жинау, аяқ жолдар мен ирригациялық арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек "Абай" саябағына басқарма жоспарына сәйкес жаңадан 700 дана арша, туя, альбиция, писсарда ағаш көшеттерінің түрлері отырғызылуда.
Тазалау, реттеу, ағаш отырғызу, саябақты әрі қарай жандандыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
1,600 га аумақты қамтитын саябақта амфитеатр, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.
Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі қарастырылған.
Құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр.
Аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталып, осы кезде жұмыстың 93% аяқталды.
Жоспар бойынша саябақ қараша айының соңына ел игілігіне берілмек.
Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының айтуынша күні бүгінге дейін дендросаябақта өрт салдарынан ағаштарға зақым келген жоқ.
Саябақ аумағындағы жасыл –желек саны 100,5 мың данадан асады. Аймағында Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштың 10 түрі бар. Олар: кәдімгі өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл, жабайы жүзім, тау пістесі. Сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.
Былтырғы жылдан бері бос жатқан 6 га аумаққа қосымша 2000 түп көшет қондырылған. Оның ішінде өрік, жиде, шие, дерен және әртүрлі жәй жапырақты шаған, айлант, үйеңкі отырғызылған.
Одан бөлек, жартасты арша, агава, тікенекті көгілдір шырша, жабайы жүзім (Қызыл кітапқа енген), Сібірлік шырша, Калифорния терек, терек -2000, айлант -840, ақ тораңғыл (қызыл кітапқа енген), ақ сексеуіл егілген. Шағын раушан гүлдер бағын жасау мақсатында 1000 раушангүл отырғызылып күтіп-бапталуда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...