ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІГІНЕ 870-ТЕН АСТАМ АВТОБУС МАРШРУТЫН БАҚЫЛАЙДЫ

ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІГІНЕ 870-ТЕН АСТАМ АВТОБУС МАРШРУТЫН БАҚЫЛАЙДЫ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 6 наурызында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан "Диспетчерлік қызмет орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.
Мекеме қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар жолаушылар тасымалы инфрақұрылымдарын жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қоғамдық көлік қозғалысы жобалары мен жүру сызбасын дайындаумен айналысады.
Қала аумағындағы көлік инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарына байланысты , осы күнге дейін 1000-ға жуық сызба әзірленген.
Аталған мекемеге қатысыты тағы бір қызмет түрі - диспетчеризация
Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, орталық тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады.
Айта кететін осы жылдың мамыр айында Шымкентте көшелерді жарықтандыру жүйесін басқарудың жаңа диспетчерлік орталығы іске қосылды. Орталық жұмысымен қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков таныстырған болатын.
Жоба Шымкент қалалық цифрландыру басқармасымен бір жүйеге қойылған. Осылайша алдағы уақытта «Ақылды қала» жобасы аясында шаһардағы жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру көзделіп отыр.
– Диспетчерлік пунктің жұмысы автоматтандырылған. Тәулік бойы оператор барлық жүйенің жұмысын бақылап отырады. Тағы бір ерекшелік – мамандар жарық шамның іске қосылу мерзімін жыл мезгілі, күннің шығуы мен батуына орай өзгертіп тұрады. Мысалы, қазіргі таңда шамдар кешкі 21:00-де жанып, таңғы 05:30-да өшеді, – деді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.
Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылуда. Жүйені күтіп-ұстау, автоматтандырылған желіге қосумен «АВМ Building» ЖШС айналысады. Мекеме Шымкентте 2021 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеп келеді. Диспетчерлік орталықтың штатында 5 адам бар. Ауысым бойынша күндіз екі маман, түнде бір диспетчер кезекшілікте отырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...