Нұр-Сұлтанда көпір астында тағы бір жаңа арт-кеңістік пайда болды

Нұр-Сұлтанда көпір астында тағы бір жаңа арт-кеңістік пайда болды

Нұр-Сұлтанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпір астында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады. Онда стритбол, коньки, үстел теннисі және жаттығу алаңдары болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Сонымен қатар «Арқар» көпірінің астындағы аумақта демалыс аймақтары кеңейтіліп, олар жаңа граффитимен толықтырылды. Спорттың белсенді түріне арналған аймақ Геннадий Головкин бейнеленген муралмен безендірілген. Ол көше фитнесі жабдықтарымен, workout алаңымен, гантельдермен, штангалармен және т.б. жабдықталады. Жақын жерде балаларға арналған аймақ болады.

Өнер туындыларын Қазақстанның әр қалаларынан келген дарынды суретшілер салған. Қазіргі уақытта мұнда реттеу жұмыстары жүргізілуде. «Арқар» көпірінің астындағы кеңістік Триатлон және Президент саябақтарын біріктірді.

Елорда әкімдігі қала тұрғындарының демалысы үшін жайлы жағдай жасауға айрықша көңіл бөлуде. Осылайша бос жатқан жерлер үлкен аулалық алаңдармен, шағын саябақтармен және жайлы бульварлармен жабдықталған. Мысалы, бұған дейін Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 17/6 бос жатқан аймақ болған. Қазір мұнда үлкен абаттандырылған аймақ, оның ішінде футбол алаңы бар. Автотұрақ мәселесі шешілді.

Биыл барлығы 50 қоғамдық орын (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150 аула жабдықталады. Аулалар мен қоғамдық орындар «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары тұжырымдамасы аясында абаттандырылуда.

 http://astana.gov.kz/kz/news/news/24232

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...