ҚАТЫНКӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

ҚАТЫНКӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағын ауданында 5 302 отбасы қоныстанған. Халық саны 37 150 адамды құрайды.
Бүгінде шағын ауданда, сапалы ауыз су, табиғи газ, сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген.
Жалпы саны 107 көшенің 75-і асфальт, 32-сі тас жол. Биыл Спатаев, Ирисмет ата, Айбек , Яссауй - 4 көше пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 18.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында базалық станция орнатылған.
Аудан әкімінің берген мәліметінше, «Нұршуақ», «Жаңаталап», «Батыс» тұрғын алаптарын электр жарығымен қамту жұмыстары бітуге жақын. Жаңа жылға дейін 4366 тұтынушы сапалы электр қуатына қол жеткізеді. Көгілдір отынмен барлық елдімекеннің 24-і қамтылған.
Биыл 7 нысанда құрылыс қырқынды жүргізілуде. Келесі жылы тағы 3-де газ тарту жұмыстары басталады. Жалпы, Абай ауданы 2024 жылы толық газбен қамтылатын болады. «Инфрақұрылым құрылысы әр жылға кезең-кезеңімен жоспарланған. Халықтың бірінші кезектегі мәселесін шешіп беру – біздің міндетіміз. Қала басшысы М.Әйтеновтің тікелей қолдауымен алдағы 2 жылда «Абай» ауданы бойынша су, газ, жарық мәселесі түбегейлі шешіледі. Сабыр сақтап, берілген уәделердің орындалуын күткендеріңіз үшін халыққа алғысымды білдіремін», — деді аудан әкімі.
Ал, «Самал-3» пен «Солтүстік Батысқа» қазіргі уақытта кәріз жүйесі тартылуда, ол да аяқталуға жақын. Келесі жылы «112 орамда» құрылыс басталады. Сөйтіп бұл мәселе 2025 жылға дейін 59%-ға шешімін табатын болады. Жиын соңында қала әкімі хаттамаға енген мәселелердің шешімі бойынша, заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтіп, қоғамдық мәселелердің шешімінде белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.
Абай ауданында 2021 жылы 11 аулаға жөндеу жұмысы жүргізілген. Одан бөлек, 39 спорт алаңшасы мен 21 балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 32 жоба жүзге асырылады. Осы жоба шеңберінде 17 балалар ойын алаңшасы мен 15 спорт алаңшасы салынады. Бұл үшін 956,1 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Айта кетсек, бүгінгі қала әкімінің кездесуіне Қатын көпір, Солтүстік батыс, Самал-1,2,3, Шұғыла, Нұршуақ, №3,4,8 шағынаудандары мен 112 орам тұрғындары қатысты. Кездесу барысында М.Әйтенов әр тұрғынның сұрағына жауап беріп, көтерліген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...