ТҮРКІСТАН: МҮГЕДЕК ЖАНДАРДЫҢ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

ТҮРКІСТАН: МҮГЕДЕК ЖАНДАРДЫҢ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Бүгінде Түркістан облысында жалпы сайлау құқығына ие мүгедектер саны - 60 510. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты мүгедектері, көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер саны - 10 595.

Бұл орайда, барлық 893 тұрғылықты мекен-жайлар бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған.

Дауыс беретін орындар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырылған, пандустар орнатылған, тактильді сілтеуіштер, жолақтар төселген.

Сондай-ақ, әрбір сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арнайы құралдармен жабдықталған кабинкалар мен бұрыштар ұйымдастырылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген шағын кәсіп тұтынушымен тікелей жұмыс істеуге үйренген. Дүкен тауарын жеке сатып алушыға сатады, шеберхана жеке тапсырыс орындайды, қызмет...