ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖОҒАРЫ

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қарағанды облысында болып, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің қызметімен танысты. Кандидат кәсіпорын ғалымдарымен кездесіп, олардың ғылым саласын дамытуға қатысты пікірлерін тыңдады.

«Фитохимия» холдингі – Қазақстан мен Орталық Азияның өсімдік шикізаты негізінде дайындалатын бірегей дәрілік препараттардың жетекші әзірлеушісі. Бүгінде кәсіпорын өсімдік шикізатын өңдеуден, субстанцияны алудан бастап дайын дәрілік нысандарды, бірегей фитопрепараттарды өндіруге дейінгі толық технологиялық цикл енгізілген фармацевтика саласындағы инновациялық жобаларды іске асырумен айналысады.

Холдингтің құрамына ғылыми кешеннің өзі орналасқан ботаникалық бақ кіреді. Алайда кейбір мемлекеттік құрылымдар тұрғын үй кешенін салу мақсатында ҒЗИ ботаникалық бағының жерлеріне көз тіккен сыңайлы.

«Бұл жерлерді кәсіпорыннан тұрғын үй кешенін салу үшін алуға болмайды. Мен ғылыми-зерттеу, ағартушылық және зерттеу мақсатында тірі өсімдіктердің коллекциялары зерттелетін және көрсетілетін аумақты жоюмен мүлдем келіспеймін. Технологиялардың дамуымен және адамзаттың жаңа жетістіктерімен өсімдіктерді және олардың ауруларды емдеудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу бұрынғыдан да өзекті болып қала береді», деді Жигули Дайрабаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...