Елордада әр демалыс күндері «Мас жүргізуші - қылмыскер!» жедел алдын алу шарасы өтеді

Елордада әр демалыс күндері «Мас жүргізуші - қылмыскер!» жедел алдын алу шарасы өтеді

Жалпы, жыл басынан бері мас күйде жүргізушілермен 86 жол-көлік оқиғасы орын алған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жол-көлік оқиғаларын азайту және алдын алу мақсатында елордалық полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейтті. Осыған орай, департамент «Мас жүргізуші - қылмыскер!» жедел алдын алу шарасы аясында рейдтерді тұрақты түрде жүргізеді.

«Мәселен, 19 тамыз күні сағат 02:30 шамасында, 41 жастағы жүргізуші мас күйде Chevrolet Cobalt көлігінде Кенесары көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, алты түрлі автокөлікпен соқтығысқан. Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде. Құқық бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды», – делінген хабарламада.

Жалпы, 2020 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтанда мас күйде жүргізушілер 86 жол-көлік оқиғасын жасаған.

Сонымен қатар полиция 356 жүргізушіні мас күйде көлік жүргізгені үшін ұстады. Оларға қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

«Егер сіз мас күйінде көлік жүргізу фактісін көрген болсаңыз, бізге 102, 71-65-12 телефондары арқылы хабарлаңыз», – дейді полиция.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...