ТҮРКІСТАН: ДҮНИЕЖҮЗІ ПСИХИАТРЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ДҮНИЕЖҮЗІ ПСИХИАТРЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда «Психикалық денсаулық. Заманымыздың жаңа сын-қатерлері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.
Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар тақырып аясында өз баяндамаларын оқыды. Арнайы слайдтармен қалың көпшілікке ұсынылған баяндамаларда, бүгінгі таңдағы психикалық денсаулық мәселелері сөз болды.
Статистикалық мәліметтер бойынша пандемия жағдайынан кейін аталған маман иелеріне деген сұраныс артқан. Десе де психикалық ауытқушылықтары бар аурулар саны да азаймай тұр. Аталған аурудың 39,9 % ақыл-ой кемістігі болса, 27,9 % шизофрения түрлі психикалық бұзылыстары бар аурулар құрайды. Осыдан-ақ аталған конференцияның бүгінгі таңда қаншалықты маңызға ие екендігін анық көруге болады.
Халықаралық шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының, Дүниежүзілік психиатрлар қауымдастығының, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан елдерінің психикалық денсаулық қызметінің өкілдері қатысуда.
Үш күнге жалғасатын маңызды жиынды Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (РПДҒПО) Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ҚР Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырды.
Конференцияда психикалық денсаулық, оны сақтау және қалпына келтіру, емдеуді ұйымдастыру, тәуелділік, психологиялық көмек және басқа да мәселелер талқыланатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...