Елордада «Әл-Фараби орталығы» ашылып, бюст қойылды

Елордада «Әл-Фараби орталығы» ашылып, бюст қойылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығы ашылды. Салтанатты рәсім әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында өтті. Бұл туралы Azattyq Rygy сайты мәлімдеді.

Орталықта «Әл-Фараби және ғылым», «Әл-Фараби және грек ойшылдары» (Аристотель, Платон), «Әл-Фараби және өнер», «Әл-Фараби және тәрбие», «Әл-Фараби және Поэзия», «Әл-Фараби және шешендік өнер» бөлімдері бар.

Орталық ішінде ғалымға бюст қойылған. Ескерткіш авторы – Астана суретшілер одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақытжан Арипов.

«Орталықтың негізгі мақсаты - жас ұрпаққа әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың соңында қалған мол мұрасын, ғылымдағы мұрасын, тәрбие, музыка салаларындағы барлық еңбектерін жинақтап, түсіндіріп жеткізу. Абай бабамыз «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» деп айтқандай, әл-Фараби бабамыздың әрбір жақсы қасиетін балалардың бойынан көргіміз келеді. Шынында да, ол адам таңғалатын, «осындай мүмкіндік адам баласында да болады екен-ау» деп таңдай қақтыратын тұлға», - дейді әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Фарабитанушы Жолтай Әлмашұлы әл-Фарабиді әлем екінші ұстаз деп танығанымен, Орта Азия, Қазақстан үшін ол қай уақытта да бірінші ұстаз болып қалуы керек екенін жеткізді.

«Биыл біз Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығымен қоса, хәкім Абайдың 175 жылдығын тойлап жатырмыз. Осы орайда, Абайдың ұстазы кім дегенде мүдіре беретін едік. Енді қазір емін-еркін «Абайдың ұстазы – Әбу-Насыр әл-Фараби» деп айтуға хақылымыз деп ойлаймын. Мағжани деген ғұлама болған. Ол әл-Фараби еңбектерімен жақсы таныс болған. Оның шәкірттері Семейге келіп, дәріс берген. Сол шәкірттерден Абай дәріс алған. Демек, Абай өз заманында Әбу-Насыр әл-Фарабиді таныды, білді, еңбектерімен таныс болды деп айта аламыз», - деді жазушы.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филилолгия ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы әл-Фараби мұрасын елімізде насихаттау жұмыстарының басында тұрған ғалымдар туралы айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...