Шымкентте дезинсекция салдарынан үш бала көз жұмды

Шымкентте дезинсекция салдарынан үш бала көз жұмды

Шымкентте дезинсекция салдарынан үш бала уланып өлді. Көп қабатты тұрғын үйлерде жүрген залаласыздандыру жұмыстарын мамандар талапқа сай жүргізбепті. Нәтижесінде пәтерде қалған үш нәресте уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпан айында болған қайғылы оқиға осы уақытта сотта қаралып жатыр. Қылмысы дәлелденіп жатса дезинсектор 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Келтірілген деректерге қарағанда 42 жасар маманның екі фактіге қатысы болуы мүмкін. Ақпан айында жүрген тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмыпты. Тағы бес адам ауруханаға түскен. Тағы бір жағдай қараша айында тіркелді. Құрт-қоңызды улау кезінде бір отбасынан екі бала қайтыс болған. Осыдан кейін полиция үш сәбидің өліміне белгісіз химикат себепші деп күдіктенді.

«Қылмыстық іс бойынша екі фактіге яғни екі жерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Арнайы рұқсаты болмай, осы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген» деді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...