Президенттікке кандидаттардың теледебаты қашан өтетіндігі белгілі болды

Президенттікке кандидаттардың теледебаты қашан өтетіндігі белгілі болды

Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың теледебаты 11 қарашада «Хабар» телеарнасында өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.

«11 қарашада біз «Хабар» телеарнасында Президенттікке кандидаттардың қатысуымен телевизиялық дебат өткізуді жоспарлап отырмыз. Кандидаттар мен олардың штабтарының толық дайындалу мүмкіндігі болуы үшін біз бұл туралы ертерек, сайлауалды үгіт-насихат басталған сәтте жариялап отырмыз», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сонымен бірге, ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова түсіндіргендей, Президенттікке кандидаттар сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы.

«Сайлауалды пікірталастарды өткізу тәртібі мен шарттарын Орталық сайлау комиссиясы айқындайды», - деді ОСК мүшесі.

Айта кетейік, бүгін сағат 18:00-де Президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...