Алматыда Қалқаман метро станциясы жанынан 2 мың көлікке арналған тұрақ салынады

Алматыда Қалқаман метро станциясы жанынан 2 мың көлікке арналған тұрақ салынады

Алматыда құрылысы жүріп жатқан «Қалқаман» станциясы маңында 2 мың көлікке арналған тұрақ пайда болады.
Әуезов ауданының түрғыны қала әкімі Ерболат Досаевтан Абай – Яссауи көшелерінің қиылысындағы метро станциясы маңында автотұрақ неге жоқ деп сұрады.
«Метро станциясы салынды, бірақ көліктерге арналған тұрақ ашпады. Адамдар қаладан келеді, көліктерін жақын маңдағы көшелерге қалдырады. Олардың толып кеткені сонша, ол жерге жедел жәрдем, қоқыс таситын көліктер бара алмайды», - деді Әуезов ауданының тұрғыны.
Тұрғынның сауалына Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов жауап берді.
«Бауыржан Момышұлы» метро станциясының маңында автотұрақ салатын жер жоқ. Әшімов-Абай көшелері деңгейінде салынып жатқан «Қалқаман» станциясының жанынан 2000 көлікке арналған тұрақ салу жоспарда бар. Қазір жоба аяқталып, құрылыс жүріп жатыр», - деді басқарма басшысы.
Алматы әкімі Ғани Мырзахановқа полиция департаментімен бірге аталған мекенжайға барып, станция маңындағы көлік қозғалысын қарауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...