Қазақстан бақытты елдер тізімінде Ресейді басып озды

Қазақстан бақытты елдер тізімінде Ресейді басып озды

Бұл туралы finprom.kz сайты мәлімдеді.

Жыл сайын Статистика жөніндегі комитет «Халықтың өмір сүру сапасы» деген тақырыпта тұрғындар арасында сауалнама жүргізеді. Осы сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 63,5 пайызы өз жағдайына көңілі толатынын айтқан. Әсіресе, ауыл тұрғындары (72,6%) қала халқына (58,4%) қарағанда өздерін бақытты санайды екен. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан респонденттер арасында өзін бақытты санайтын ерлер (61,8%) әйелдерге (58,5%) қарағанда көп болып шықты.

Айта кетейік, 2019 жылы жүргізілген сауалнамада респонденттердің тек 60% өз жағдайына көңілі толатынын жеткізген. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 56,5% деңгейінде болды.

Ал, 2020 жылдың бақытты елдер тізімінде (World Happiness Report) Қазақстан 10 сатыға жоғарылап, 163 елдің ішінде 50-орынға тұрақтады. ЕАЭО елдері арасында қазақстандықтар ең бақытты халық атанып отыр, бізден кейін Ресей (73-орын), Қырғызстан (74-орын), Беларусь (75-орын) және Армения (116-орын) жайғасқан.

World Happiness Report – әлем елдеріндегі халықтың өмір сүру деңгейін, қаншалықты бақытты екенін зерттеумен айналысатын халықаралық жоба. Мемлекеттер рейтингін түзерде зерттеушілер жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүру ұзақтығын, азаматтық бостандық, қауіпсіздік пен ертеңге деген сенімділік, отбасы тұрақтылығын, жұмыспен қамтуды, коррупция деңгейін негізге алады.

Айта кету керек, әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде көшті Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Жаңа Зеландия, Аустрия және Люксембург бастап тұр.

Ал, ең бақытсыз елдер – Зимбабве, Оңтүстік Судан және Ауғанстан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...