Назарбаев Университетінің түлектері студенттік пікірсайыс бойынша Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Назарбаев Университетінің түлектері студенттік пікірсайыс бойынша Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

«Назарбаев Университетінің түлектері студенттік пікірсайыс бойынша Еуропа чемпионатының (European Universities Debating Championship) жартылай финалына шықты. Әлішер Жүзгенбаев пен Мұхтар Ташкенбаев ("NU А" командасы) Қазақстан тарихында алғаш рет негізгі жартылай финалға және "ағылшын тілі екінші тіл ретінде" санатында 1/4 финалға жолдама алды» деп хабарлайды Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі.

Covid-19 пандемиясына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында өтетін турнирді онлайн форматқа ауыстыруға тура келді. Осыған қарамастан, пікірсайыс қызықты және бәсекелі түрде өтті. Биыл турнирге Еуропаның ең мықты университеттерінен 168-ден астам команда жиналды.

"Турнирге атақты университеттердің көптеген командалары қатысты - мысалы, Оксфорд немесе Кембридж, бірақ біз оларды іріктеу раундтарының командалық есебінде де, плей-офф кезеңінде де айналып өте алдық", - деп атап өтті NU А командасының мүшесі Мұхтар Жүзгенбаев.

Назарбаев Университетінің атынан 7 команда қатысты: Әлішер Жүзгенбаев пен Мұхтар Ташкенбаев (NU A), Адэля Дәулеткызы мен Назерке Мухлиссова (NU B), Самат Саяқов пен Нұрлан Мұратбек (NU C), Дмитрий Беседин мен Әмірлан Қасымов (NU D), Қанат Исламбеков пен Нұрсат Құлымқанов (NU E), Тілеухан Мусин мен Айнагүл Әлжанова (NU F), сондай-ақ Ләззат Төлеутай мен Әли Дүйсебаев (NU G).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...