БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ШАҚПАҚТЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ШАҚПАҚТЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапармен Шақпақ ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде шақпақтық тұрғындар елді мекенді табиғи газға қосу, ауыз су, спорт кешенін салу, ұялы байланыс мәселелерін көтерді.
Ержігіт Шәріпбекұлы тұрғындардың елді мекенге қатысты көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтып, қойылған сұрақтар бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жасалынып жатқандығын жеткізді. Шақпақ ауылын газдандыру және ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге, спорт кешенінің құрылысына әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларын қаржыландыруға ұсынылғанын айтып өтті. Сонымен қатар келесі жылы балалар ойын алаңшасын салуды да жоспарлап отырғанын айтты.
Ұялы байланыс бойынша тиісті мамандарға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...