Алексей Цой Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тергеуді бастауды тапсырды

Алексей Цой Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тергеуді бастауды тапсырды

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің Талдықорған кәсіпкерлерімен кездескен видеосы тарап кеткен. Қала тұрғындары бас санитарлық дәрігердің өзін орынсыз, дөрекі ұстағанына шағымданды. Осылайша, Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов осы қызметіндегі алғашқы жұмыс күнінде көзге түсті. 

«Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов Талдықорғандағы жергілікті базар кәсіпкерлерімен кездесу кезінде қала тұрғындарына дөрекі сөйлеген, интернет пен БАҚ-та жарияланған бейнені зерттеді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардың наразылығын түсінеді және мұндай мінез-құлық мемлекеттік қызметші үшін қолайсыз деп санайды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас дәрігеріне қатысты қызметтік тергеуді бастауды тапсырды», - делінген хабарламада. 

Бағдат Қожахметов талқылау жалғасып жатқанын, оның нәтижелері туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа орталығы жұртшылықты ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарда хабардар ететінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...