СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1991 жылдың 29 тамызында Семей сынақ алаңы­ жабылып, Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленген. Осы орайда, Кентау қаласы әкімдігінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 31 жыл толуына орай ардагерлермен кездесу өтті.
Жиында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова сынақ алаңының адамзат баласына тигізген зиянына тоқталып, полигон зардабын жоюға қатысқан қала азаматтарына алғысын білдірді. Адамзат баласына зор қауіп төндірген полигонның ауыртпашылығымен бетпе-бет келу арқылы Сіздер Отанымыздың патриот азаматы екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер деді.
Сонымен қатар, Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге қала әкімінің алғыс хаттарын табыстап құрмет көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестициялар, цифрландыру және әлеуметтік саясат...