ТҮЛКІБАСТА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ТҮЛКІБАСТА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Бүгін таңертеңгі 9-00 ден бастап Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының орталық алаңында мектеп жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мен қонақтары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті кеңсе құрал-жабдықтарын арзан бағада сатып алуға мүмкіндік жасалды.
Бұл жерде «Алатау текстиль», «Заря» және т.б. отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасы мен аяқ киімнің түр-түрі сатылды. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.
Кеңсе құрал-жабдықтары 10%-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10%-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 50%-ға дейін жеңілдікпен сатылды.
Аудан әкімдігі мен адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада тұрғындардың ыңғайлылы үшін арнайы киімді киіп көретін орындар әзірленіп, мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әуезді әндерден шашу шашты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...