БАҚ өкілдерінің мерекесі табиғат аясында мерекеленді

БАҚ өкілдерінің мерекесі табиғат аясында мерекеленді

28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Ордабасы ауданы әкімдігі журналистер қауымын мерейлі мерекесімен құттықтады.

Атаулы күнге орай Шұбар ауылы аумағындағы Арыс өзенінің жағасында думанды кеш ұйымдастырылып, шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы БАҚ өкілдері қатысты.

Ашық аспан астында мерекеленген мәдени шарада аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық Мәслихат хатшысы Қасымбай Әбдіхалық сөз сөйлеп, журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ, мерекелік басқосуда ақпараттық салада ауданның дамуына үлес қосқан барша әріптестерімізге аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың арнайы Алғыс хаты мен сый-сияпат ретінде жергілікті өнімдер жиынтығы берілді.

Табиғат аясында өткен шарада аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, Арыс жағасын әдемі әуенмен әлдиледі. Кеш барысында өзен бойында мерекелік алау жағылып, қонақтар өз өнерлерін паш етіп, ән айтып, би биледі.

Осылайша маусым айының соңғы аптасына бекітілген журналистер мерекесін ауданымыз өзгеше форматта атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...