Түркістанда «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті

Түркістанда «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті

Түркістан қаласында Ұлттық домбыра күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті. Жас күйшілер сайысында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері мен саз мектебінен жас дарындар қатысты.

Байқау қатысушылары күй тартыста аянып калмады. Өз өнерлерін көрсетіп, күмбірлете күй төккен өнерпаздар халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыка аспабының бірі – домбыра арқылы халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін көрсететін күйлерді орындап шықты.

– Бұл байқау өз ұлттық дәстүрімізді көрсету, дәріптеу, қадірлеу, жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулуға арналған іс-шара болып саналады. Домбыраның құдіретін, жас өрендердің күй тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында балаларымызды жинап отырмыз, – деді саз өнері мектебінің ұстазы, оркестр жетекшісі Ерлан Асқарұлы.

Сайыс соңында топ жарған үздіктер анықталып, байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлық тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...