Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда

Тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен биылғы жылы қала аумағына орнатылатын бейнебақылау камералары бойынша мәжіліс өтті.

Құқық бұзушылықтарды алдын алу және анықтау мақсатында елді мекендерде бейнебақылау жүйелерін қалпына келтіруді және бақылау аумағын одан әрі кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласының Полиция департаменті 2022 жылға арналған мекенжай бағдарламасын әзірлеп, ағымдағы жылы 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және 800 жалпы бейнебақылау камералары орнатылатын болады.

Жиын барысында былтырғы жылы орнатылған бейнебақылау камераларының тиімділігін арттыру мақсатында анализ жасап, орнатылған нүктелерді қайта қарау мәселесі де талқыланды.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы «Smart City» эталондық стандарына сәйкес, қалалық полиция департаментімен бірлесе отырып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 100 көше қиылысына және 200 желілік учаскеге, сондай-ақ, 1500 жалпы бейнебақылау камераларын штатты режимде іске қосып, қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен ықпалдастырған болатын.

Қазіргі таңда қалада жалпы 14 500 бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

Мұрат Айтенов қала аумағына орнатылатын бейнебақылау камераларын қаладағы қылмыстық көрсеткіші жоғары нүктелерге орнату және бейнебақылау камераларының барлығын қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен ықпалдастыру бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен қамту көрсеткіші «Цирфландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, 2024 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, ал, 2025 жылы Шымкент қаласы бойынша жалпы 2500 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Алдағы жылдары жоспар бойынша қала аумағында бейнебақылау камералары жоспар бойынша орнатылып отырады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...