М.Әйтенов «Бақытты жанұя» орталығының жұмысымен танысты

М.Әйтенов «Бақытты жанұя» орталығының жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әлеуметтік қолдау мекемелерді аралап, жұмысымен танысты. Алдымен қала басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарайтын «Бақытты жанұя» орталығында болды.

Мекеменің негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға жаң-жақты қолдау көрсету. Бұл жерде әйелдерге арналған түрлі бағыттар бойынша оқу курстары бар. Орталық қызметіне жүгінушілер тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM курстары, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйренеді.

Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еgov.kz порталынан мемлекеттік қызметтерді алу көмектерін ұсынады. Жыл басынан бері орталық мамандары 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетіп, психологиялық, құқықтық кеңес берген.

Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған аналарды қолдау орталығында арнайы шеберхана тігін машиналары және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қызмет алушылар құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа сай сән үлгісіндегі кимдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренуде. Оларға тігін ісін үйрететін шебердің бірі Еркінай Көшкінова. Көпбалалы ананың асырауында 12 жастағы мүмкіндігі шектеулі перзенті бар. Ерекше ұлы ою-өрнектердің дизайнын компьютер арқылы әзірлеп береді.

Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған аналарды қолдау орталығында арнайы шеберхана тігін машиналары және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қызмет алушылар құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа сай сән үлгісіндегі кимдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренуде. Оларға тігін ісін үйрететін шебердің бірі Еркінай Көшкінова. Көпбалалы ананың асырауында 12 жастағы мүмкіндігі шектеулі перзенті бар. Ерекше ұлы ою-өрнектердің дизайнын компьютер арқылы әзірлеп береді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы,4 А
Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері аралығында (сағат 09.00-18.00-ге дейін)

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...