Қазақстанда 306-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрамы ашылды

Қазақстанда 306-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрамы ашылды

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында 306-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу рәсімі өтті. Өрт сөндіру бекетінің қызмет көрсету аймағына жалпы саны 1 770 адам тұратын үш елді мекен кіреді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа өрт сөндіру бекеті жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 56 шақырым қашықтықта орналасқан жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің базасында ашылды. Бекет арнайы техникамен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жеке құраммен жасақталды. Бұл бөлімшенің өрттің алдын алу және оларды сөндіру міндеттерін орындауға дайын болуына мүмкіндік береді.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы ықтимал өрттерге жедел әрекет етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқиға орнына күштер мен құралдардың жету уақытын қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою дайындығын күшейтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Алматыға жұмыс сапары аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма...

2026 жылғы 31 қазанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп, Шымкент және Сарыағаш қалаларында өткен жұмыс кездесуіне...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер...