ҚАЗЫҒҰРТТА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Өткен аптада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында «Раян» ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев қатысып, ізгі тілегін жеткізді. Ата-ананың ең үлкен бақыты баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.
Орталықтың жұмысы ақысыз жүргізіледі, бұл бағытқа арнайы аудан бюджетінен қаражат бөлініп отыр. Орталықтың ашылуы балаларды үш бағытта дамытуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Мұнда білікті мамандар соңғы емдік әдістерді пайдалана отырып, балаларға кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіп, сауықтыру шараларын жүргізеді. Кешенді ем еркеше балалардың дамып-жетілуіне, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...