Алматы жастары жасанды интеллект пен инновациялық жобаларды дамытуға үлес қосуда

Алматы жастары жасанды интеллект пен инновациялық жобаларды дамытуға үлес қосуда

Алматыда жастардың инновациялық бастамаларын қолдауға бағытталған «Жастар қатысатын бюджет – 2026» жобасының онлайн-дауыс беру кезеңі қорытындыланды. Қаланың дамуына арналған ұсыныстарға 10 мыңға жуық дауыс беріліп, цифрлық технологиялар мен әлеуметтік инновацияларға негізделген үздік идеялар анықталды.
Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда. 6 шілде мен 2 тамыз аралығында jasalmaty.kz порталы арқылы 203 өтінім қабылданды. Сараптамалық іріктеуден кейін 122 жоба, яғни ұсыныстардың 60,1 пайызы онлайн-дауыс беруге жіберілді.
11–18 тамыз аралығындағы дауыс беру нәтижесінде INCLUSION LAB жобасы 496 дауыспен көш бастады. «Ана академиясы» 426, ал Jasyl Qala бастамасы 396 дауыс жинады.
Үздік ұсыныстар қатарында жасанды интеллект арқылы кітап оқу мәдениетін дамытатын KITAP HUB AI, инженерлік бағыттағы QUM TRACK, SÄT APP және қаржылық сауаттылыққа арналған Finesly қосымшасы бар.
Сонымен қатар Future Science Lab, BRAVI, BabyCare және басқа да инновациялық бастамалар қолдау тапты.
Әр жобаны қаржыландыруға 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін қаражат қарастырылған. Биыл 18–20 бастаманы жүзеге асыру жоспарланса, алдағы уақытта олардың санын жыл сайын 50-ге жеткізу көзделуде.
Жобаларды іске асыру мерзімі 19 тамыз бен 15 қараша аралығын қамтиды. Бұл бастама жастардың технологиялық идеяларын нақты нәтижеге айналдырып, Алматының инновациялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Беларусь Республикасының Минск және Несвиж қалаларында «Музейные инициативы на пространстве СНГ» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференция...