Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті

Қазанда Қазақстан киносы күндері өтті

21-23 қазан аралығында Қазан қаласындағы «Мир» кинотеатрында Қазақстан киносы күндері өтті. Іс-шара отандық кино өнерін насихаттауға және Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов пен Татарстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Юлия Әдғамова қатысты. Сондай-ақ мәдениет саласының мамандары, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары жиналды.

Бағдарламаға «Алматы, мен сені сүйемін!», «Паралимпиадашы» және «Бүркітші» атты үш көркем фильм енді. Алғашқы екі туынды 21 қазанда көрсетілсе, 23 қазанда режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмі көрерменге ұсынылды. Көрсетілім аясында «Паралимпиадашы» фильмінің актері Жалғас Жанғазин және режиссер Қуаныш Стахановпен шығармашылық кездесулер өтті. Олар фильмдердің түсірілу тарихы мен түсірілім барысындағы ерекшеліктер туралы әңгімелеп, көрерменнің сұрақтарына жауап берді.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының атынан киноөндірісті техникалық қамтамасыз ету қызметі басшысының орынбасары Серікбол Өтепбергенов қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...