Республикадағы мектептердің төрттен бірі Түркістан облысында салынады

Республикадағы мектептердің төрттен бірі Түркістан облысында салынады
Түркістан облысында жекеменшік мектептердің саны артады. Бұл бағытта инвесторларды тарту жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушыларды арнайы автобустар тасымалдайды. Ол үшін жаңа автобустар сатып алынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.
Өңір басшысы аудан, қала әкімдеріне білім ұяларының мәселелерін назарда ұстауды тапсырды. Адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп, өзекті мәселелерді бірге шешуді тапсырды.
Республика бойынша 2021-2025 жылдар аралығында салынып жатқан мектептердің төрттен бір бөлігі – Түркістан облысына тиесілі. 4 жылда өңірде 199 мектеп бой көтереді. Былтыр бюджет қаржысына салынған 44 мектеп, жекеменшік 16 мектеп пайдалануға берілді. Облыстың бас ұстазы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, биыл облыста 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20 млрд. теңгеден астам қаржы қаралды.
Аппарат отырысында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаевтың баяндамасы тыңдалды. Облыста саяси ахуал тұрақты. Өмірзақ Шөкеев барлық аудан, қала әкімдеріне өзекті мәселелерді жедел шешіп, халықтың сын-ескертпелері мен ұсыныстарына шапшаң үн қатуды және қоғаммен байланысты нығайтуды міндеттеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...