Қазығұртта спорт кешені пайдалануға берілді

Қазығұртта спорт кешені пайдалануға берілді
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылында заманауи спорт кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Мұндай кешен ауылда бұрын болмаған. Енді Қызылқия ауылына қарасты 5 ауылдың жастары қалаға қатынамай-ақ, спорттың 10 түрінен шынығып, шыңдалады.
Спорт кешенін ауыл тұрғыны, ел жанашыры Нұрмаханбет Сейткәрім өз қаражаты есебінен салып берді. Мұнда бір мезгілде 100-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын жаңа ғимаратпен құттықтап, бұл спорт кешені ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...