Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары пысықталды

Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары пысықталды
Түлкібас аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында оқушылардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігі күн тәртібіндегі басты мәселе болды.
Өкінішке орай өңірімізде жыл басынан бері 9 оқушы суға батып қайтыс болған. Соның ішінде 2 қайғылы оқиға ауданымызда орын алып отыр.
Аудан әкімі бала өмірі ең басты құндылығымыз екенін айтып, аталған мәселені қатаң бақылауда ұстап, алдын-алу бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен жергілікті полицияға, ауыл әкімдері мен Төтенше жағдайлар бөліміне шомылу орындары мен барлық қауіпті өзен, көлдердің бойына кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ жол қауіпсіздігі де өзекті екенін айтып, жолды кесіп өту кезіндегі қауіпсіздік пен алдағы соңғы қоңырау мерекесінде ата-аналардың көлік тізгінін балаларына бермеу мәселесін де бақылау қажеттігін ескертті.
Бұдан бөлек жиынның күн тәртібінде алдағы саяси науқанға дайындық мәселесі пысықталды.
Аудан әкімі ел болашағы үшін өткелі жатқан референдумды тұрғындарға кеңінен насихаттау бойынша жұмысты барынша жандандыру мақсатында ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшаларына нақты тапсырмалар жүктеп, сайлауда әр қазақстандықтың дауысы маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...