Референдумды жастар қолдайды

Референдумды жастар қолдайды
Сарыағаш ауданының шағын және орта кәсіп иелері мен жастар өкілдеріне референдумның маңыздылығын насихаттау мақсатында "AMANAT" партиясы мүшесі, Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб мүшесі Б.Жылқышиев және аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовтың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында 2022 жылдың 5 маусымында Президент Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Республикалық Референдум өтетінін және қандай Конститутциялық баптарға өзгертулер енгізілгелі тұрғаны кең көлемде түсіндірілді.
Кездесуде кәсіпкерлер және жастармен конституциялық реформалардың негіздерін түсіндіре келе 3/1 бөлігіне өзгерістер енгізу бойынша өткелі тұрған референдум жайлы пікір алмасты.
Жұмысшы топ бұл науқан «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы нақты әрі батыл қадам екенін тұрғындарға айтып, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер халық талқысына шығарылып, барша қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып, қабылданғалы отырғанын жеткізді.
Жиынға қатысушылар алдағы өтетін республикалық референдумға біркісідей атсалысатындықтарын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...