AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Шымкент қаласында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өтуде.
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева №79 референдум учаскесінде дауыс беріп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

- Бүгін еліміздің тарихындағы маңызды іс-шарада халық өз таңдауын жасап жатыр. Референдум халықтың арасында көп талқыланды. Конституцияға енгізілетін өзгерістер болашақта қоғамның, жекелеген азаматтардың және келешек ұрпақтың өмір сапасының жақсаруына әсер етеді. Өзім отбасыммен келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл Жаңа Қазақстанның болашағы үшін жасалған таңдау деп білемін, - деді Жанат Әлібекқызы.

Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта мектепте орналасқан референдум учаскесінде қала тұрғындары белсенділік танытып, дауыс беруде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...