Елшібек батыр, Аймауытов, Уалиханов көшелерінің жол сызықтары жаңартылды

Елшібек батыр, Аймауытов, Уалиханов көшелерінің жол сызықтары жаңартылды

Шымкент қаласындағы Елшібек батыр, Аймауытов, Уалиханов көшелерінде жол сызықтары, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылуда. Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 100 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды. Сонымен қоса, көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда 276 орамдағы 27 көшеге (12,9 шақырым), 275 орамдағы 7 көшеге (2,4 шақырым), 195 орамдағы 5 көшеге (1,1 шақырым) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Жалпы Әл-Фараби ауданында осы жылы 15,87 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады. 2021 жылы Қаратау ауданындағы 62 шақырым жолға шағал тас төселген болатын. Қаламыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса, 83,3 шақырымы топырақ жол. Күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес, «Алем Транс Жол» құрылыс компаниясының мердігерлігімен 17 көшеге, яғни 19,3 шақырым жол жөнделіп, бүгінде оның 65% пайдалануға берілді. Ауданда күрделі жөндеу бойынша 34,7 шақырымға аяқжол салу жұмыстары жүріп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы саны 38 шалғай және ішкі орам көшелері, яғни 54,4 шақырым жол жөндеуден өтуде. Оның ішінде 26 көше (68,4%) толығымен аяқталған, 2 сотпен тоқтатылған, ал 10 жұмыс барысында. Сонымен қоса 17,3 шақырымдық аяқжолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылғы жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы ұзындығы 50,9 шақырым болатын 43 көшеге асфальт салу жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...