Еңбекші ауданында апта сайын сенбілік өтуде

Еңбекші ауданында апта сайын сенбілік өтуде
Сенбілік- біздерді тазалық пен тәртіпке шақырады! Осындай ұранмен Еңбекші ауданының тұрғындары сенбілікке шықты.
Аудан аумағында әр апта сайын сенбілік жұмыстарын жүргізу үрдіске айналған. Бүгін «Сайрам» және «Маятас» шағын ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында, қураған ағаштарды қырқу, шөп ору, әктеу жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар арнайы техникамен қоқыс полигонына шығарылды.
Аудан әкімдігі жергілікті тұрғындарға ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау- адамдықтың басты қасиеті екендігін түсіндіріп, қаламыздың тазалығына немқұрайлы қарамауға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...