Сенаторлар оқу орнының ұжымымен кездесті

Сенаторлар оқу орнының ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова Шымкентте жұмыс сапарымен жүр. Халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрлан Құдиярұлы мен Айгүл Жарылқасынқызымен өткен кездесуге оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған оқытушылар құрамы, профессорлар, студенттер қатысты. Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған жиын «Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейтудегі құқықтық тетіктер» тақырыбына арналып, еркін форматта өтті.

Сенатор Нұрлан Бекназаров соңғы жылдардағы елдегі саяси жүйеде өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлім екенін айтып, 5 маусымда болатын реформа солардың негізгісі екеніне тоқталды. «Ондағы негізгі мақсат – Ата заңғы өзгеріс енгізу» деді сенатор. Ал Айгүл Қапбарова сапалы өзгерістер ел дамуының өзегі деп атап өтті.

– Бұл жолғы өзгерістер – өте маңызды. Себебі, «Халық» сөзі алғаш рет кең ауқымда қолданылып отыр. Яғни, елдегі негізгі билік көзі – халық. Елдегі ауқымды өзгерістер халықтың шешімінсіз қабылданбайды. Ал Конституция – еліміздегі саяси жүйенің темірқазығы, – деді Айгүл Жарылқасынқызы.

Жиында ОҚМПУ оқытушылары, тарихшылар сөз алып, Қазақстан тарихындағы өзгерістерге тоқталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай бүгінде ел аумағында алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Қала тұрғындары мен қонақтарын референдумда өз таңдауларын жасауға шақырамыз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...