Мемлекет басшысы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Мемлекет басшысы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Қырғызстан, Бішкек қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылуын тамашалады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді.

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Бішкек қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылуын тамашалады, деп хабарлайды ...

Көптеген шағын кәсіпорын өз қызметін жалға алынған ғимаратта жүргізеді. Дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, оқу орталығы немесе қоғамдық тамақтану орны...