Жаңасемейде мал шаруашылығынан дайын өнімге дейінгі өндірістік тізбек қалыптасады

Жаңасемейде мал шаруашылығынан дайын өнімге дейінгі өндірістік тізбек қалыптасады

Жаңасемей ауданында мал шаруашылығы мен ет өңдеуді бір жүйеге біріктіретін агроөнеркәсіптік кластер қалыптасып келеді. Приречный ауылы маңында бір мезгілде 5 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған жаңа алаң салынып жатыр.

«Eurasia Agro Semey» ЖШС жүзеге асырып жатқан жобаның инвестициялық құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Құрылыс барысында 250 адам еңбекпен қамтылса, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 200 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Қазір нысанда үш өндірістік цех салынып, қажетті техникалар сатып алынған. Кәсіпорын бордақылауға қажетті малды Абай облысының әр аумағынан сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл жергілікті шаруашылықтар үшін өнім өткізудің тұрақты арнасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобаның басты ерекшелігі – бордақылау алаңының Достық ауылдық округінде салынып жатқан ет комбинатымен тікелей байланысында. Кәсіпорынның жылдық қуаты шамамен 11,5 мың тонна етті құрайды. Бір ауысымда 100 бас ірі қара мен 1 000 бас ұсақ мал союға мүмкіндік бар. Сонымен қатар тәуліктік ауысымда 3 тонна шұжық және 5 тонна консерві өнімдерін шығару көзделген.

Осылайша ауданда мал сатып алудан бастап, оны бордақылау, сою және дайын өнім өндіруге дейінгі толық өндірістік цикл құрылады.

Мұндай тәсіл ауыл шаруашылығы шикізатын өңірдің өзінде терең өңдеуге, қосылған құны жоғары өнім көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға жол ашады. Бордақылау алаңы мен ет комбинатының қатар іске қосылуы Жаңасемейдің аграрлық әлеуетін күшейтіп, Абай облысындағы ет өндірісінің жаңа орталығын қалыптастыруға негіз болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген кәсіпорындардың табысы күнделікті немесе бір реттік сатылымға тәуелді. Клиент бүгін сатып алса – түсім бар, сатып алмаса – табыс азаяды....