«Жасыл кеңсе» 4-ші республикалық байқауы

«Жасыл кеңсе» 4-ші республикалық байқауы

«Жасыл кеңсе» 4-ші республикалық байқауы бастауын алды, деп хабарлайды no-comment.kz.

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді қолдайтын ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Жасыл кеңсе» 4-ші республикалық байқауын ұйымдастырады.

Конкурстың мақсаты: энергияны, суды және ресурстарды үнемдеуді ынталандыру, экологиялық таза технологияларды, тауарлар мен қызметтерді жылжыту, сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған жұмыста қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу; халық арасында «жасыл» пікірді офистік ресурстарға арқа сүйеу арқылы қалыптастыру; экологиялық жауапты компаниялардың қоғамдастығын қалыптастыруға үлес қосуға; экологиялық мәселелерге, орнықты дамуға, климат теңдігін сақтауға, ресурстардың ұтымды пайдаланылуына қоғам назарын аудару.

Байқау ағымдағы жылдың 6 мамырында келесі номинациялар бойынша өтеді:

– «Үздік ЖАСЫЛ ОФИС» - өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында»;

– «Үздік ЖАСЫЛ ОФИС» – бизнес орталықтары мен сауда орталықтары арасында»;

– «Үздік ЖАСЫЛ ОФИС – бизнес құрылымдар арасында (қонақ үйлер, мейрамханалар, спорт кешендері, шағын және орта бизнес);

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Жасыл кеңсе» арнайы белгісіне ие болады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сізді жоғарыда аталған номинациялар бойынша Конкурсқа қатысуға шақырамыз. Конкурстың басты мақсаттарының бірі еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту. Осы секілді конкурстар еліміздің басқа да кәсіпорындарында қолға алынса деген ойдамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Конкурстың ұйымдастырушысы «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ +7 (7172) 999408, және Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...