Шымкентте Орталық референдум комиссиясы төрағасының қатысуымен семинар-кеңес өтті

Шымкентте Орталық референдум комиссиясы төрағасының қатысуымен семинар-кеңес өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу туралы семинар — кеңес өтті, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Оған Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиялары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

— Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты және халықтың тікелей заң шығаруын білдіреді. Бұл — мемлекет және әрбір жекелеген азамат үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуының бір тәсілі, — деді Нұрлан Мәжитұлы.

Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, референдумды әзірлеу мен өткізуді референдум комиссиялары жүзеге асырады. Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіткен. Бүгінде маңызды шараны әзірлеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарына және күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Семинар — кеңес барысында Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков, Шымкент қалалық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев және өзгелер сөз сөйлеп, дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 317 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 1-еуі қалалық — аумақтық, 4-еуі аудандық — аумақтық және қалған 312-сі учаскелік референдум комиссиялары. Қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын референдумда өз таңдауын жасауға шақырамыз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...