Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Премьер-министрге жылы лебізі және халықаралық байқаушылар миссиясы құрамында Армения өкілдерінің сайлауға белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Беларусь Республикасының Минск және Несвиж қалаларында «Музейные инициативы на пространстве СНГ» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференция...