Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, Президент реформалары азаматтардың жоғары қолдауына ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Сербия Президентіне ризашылығын білдіріп, елімізде қолға алынған ішкі саяси өзгерістер жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар Қазақстанның саяси жүйесіндегі ауқымды трансформацияның тарихи мәніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.

Тараптар екіжақты серіктестіктің орнықты динамикасына көңіл толатынын айтып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге мүдделі екендерін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...